Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ШҚО-да 18 жастағы қыз өзін балағаттаған әкесін сотқа берді

ШҚО-да 18 жастағы қыз өзін балағаттаған әкесін сотқа берді
msn.com
Ер адам қатты мас күйде өзінің қызына ар-ожданына тиетін былапыт сөздерді көп айтқан.

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралды. Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

"18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының «аса ауыр» алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ақпаратта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар