Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне сот үкімі шықты

Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне сот үкімі шықты
Сурет: informburo.kz
Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды

Алматы қаласының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов пен жер қатынастары басқармасының экс-басшысы Ардақ Самамбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ахмеджановты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігі, 361-бабының 1 және 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға сотталды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Самамбетов 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Ахмеджанов пен Самамбетов Алматының тау бөктеріндегі аудандарында ірі тұрғын үй кешендерін салуға рұқсат берген, бұл жер учаскелерінің кадастрлық құнын айналып өтуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ, оларға инвестициялық жобалар үшін мемлекеттен жер бөлді деген айып тағылды, кейін бұл учаскелер жеке меншікке өтіп кеткен. Айыптау тарапының мәлімдеуінше, Ахмеджанов бұл әрекеттері үшін жақын туыстарына бірнеше пәтер алған.

Бұл істің тергеуі 2023 жылдың маусымында Алматыдағы тау бөктеріндегі құрылыстардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижесінде басталды. Ахмеджанов Антикор қызметімен ұсталғанға дейін бас сәулетші қызметінен кеткен еді.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар