Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жаз мезгіліндей күн ысуы мүмкін»: синоптиктер көктем айларына арналған ауа райы болжамын жасады

«Жаз мезгіліндей күн ысуы мүмкін»: синоптиктер көктем айларына арналған ауа райы болжамын жасады
Сурет: ybis.ru
Кей өңірлерде жауын-шашын болуы мүмкін

"Қазгидромет" наурыздан мамырға дейінгі аралыққа ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, көктем айлары жаңбырлы болады.

«Наурыз - мамыр айларында күтілетін ауа райының консультативтік ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, яғни нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, алайда бұл ретте ауа температурасы төмен кезеңдер де болуы мүмкін», – дейді синоптиктер.

Сәуір және мамыр айларында жаз мезгіліндей күн ысуы мүмкін.

Көктемгі кезеңде жауын шашынның өлшемі келесідей болады:

наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батыс жартысында (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде) нормаға жуық жауын-шашын болжанады;  

сәуір айында республиканың басым бөлігінде болжам қалыпты, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан артық болады деп күтілуде;  

мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталығында (Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде) нормадан аз болжанады.  

Мамыр айында норма қиыр солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының, шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында) жаңбыр көбірек жауады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар