Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“6 баласы бар жүкті”: СҚО-да 12 жасар қызын пышақтаған әйел сотталды

“6 баласы бар жүкті”: СҚО-да 12 жасар қызын пышақтаған әйел сотталды
Сурет: xn--80adrabb4aegksdjbafk0u.xn--p1ai/press-center
Қайғылы оқиға болған отбасында 6 бала бар, әкелері Ресейде жұмсы істейді

Солтүстік Қазақстан облысында 12 жастағы қызын пышақтап тастаған әйелге сот үкімі шықты. Жүкті көпбалалы ана 6 жылға бас бостандығынан айырылды. деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 7152.kz басылымының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 17 қыркүйегінде болған, келіншек қызының дәптеріне ұқыпсыз жазғаны үшін санына екі рет пышақ сұғып алған. Ол сол кездерде психологиялық күйзелісте болған екен.

Қыздың оң жақ жамбасында екі сантиметрлік жарақат болған. Қан айналымының жеткіліксіздігінен бетінде акроцианоз пайда болып, жағдайы ауырлай түскен. Қызға Петропавлда ота жасалды.

Істі қараған Уәлиханов аудандық соты көпбалалы анаға қылмыстық кодекстің 106-бабы, яғни «Кәмелетке толмаған балаға қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды.  

«Бұл әйелдің бірінші рет сотталуы және оның жүкті екенін ескере отырып, сот ең төменгі жаза – 6 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді» деп жазады, Петропавлдың 7152.kz басылымы сот материалдарына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға болған отбасында 6 бала бар, әкелері Ресейде жұмсы істейді. Ересектер әлеуметтік қызмет есебінде тұрмаған. Бұған дейін ананың психологиялық тұрғыдан күйзелісте болғаны белгілі болған. Ол қызын пышақтаған соң, болған жайтты есіне түсіре алмапты

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар