Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үлкен ұл менің ұлым емес": көпбалалы ана күйеуінің өзінен күмәнданатынын айтып, көмек сұрады

"Үлкен ұл менің ұлым емес": көпбалалы ана күйеуінің өзінен күмәнданатынын айтып, көмек сұрады
Сурет: bbc.com
Ұлымызға "сен балам емессің" деп отыр.

Көпбалалы әйел күйеуінің ерсі қылықтарын айтып, заңгерден көмек сұрады. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзіне жазған хатты жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, көпбалалы ананың 26 жыл отандасқан күйеуі тұңғыш ұлының өзінен екеніне күмән тудырып, ажыраспақшы екен. 

"Менде мәселе жолдасыммен. 26 жыл болды отандасқаныма. Енді маған ол "үлкен ұл менің ұлым емес" деп, менімен үйде жанжал тудырды. Ұлым ДНК тапсырды. Қолында сараптама қағазы бар. Өзі тапсырмай жүр. Енді ажырасам дейді. Бірақ үйден кетпейді. Бізбен отырып тамақ ішпейді. Бөлек жатады, жалғыз отырып ішеді тамақты.

Біз кетейік десек, 5 баланың анасымын. Мектепте оқитын балаларым бар. Квартираға шығып кетейін десем, баламен алмаймыз дейді. Үйде берекеміз кетті, ел қызығатын отбасылардың бірі едік. Бала 100% соның баласы. Ұлымызға "сен балам емессің" деп отыр. Ұлымыз 25 жаста.

Ажырасуға өтініш қалдырайын десем, тағы да қимаймын. Мүмкін ДНК тапсырып, сараптама шығып, ұл өзінен екеніне көзі жетсе, қайта басыла ма деп те ойлаймын. Маған бір ақыл-кеңес керек болып тұр", - деп жазды ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар