«Жомарт» кеніші: жеті адамның өмірін жалмаған апаттың алғашқы болжамы айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 ақпан, 2025
- 184

Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Жеті адамның өмірін жалмаған апатқа «газ жарылысы себеп» деген алғашқы болжам айтылды. Кенішке вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған үкімет мүшелері келді. «Қазақмыс» компаниясы тарапынан марқұмдардың отбасына қаржылай көмек берілмек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Ұжымдық келісімшартта көрсетілген материалдық міндеттеме толық орындалады дейді.
Қаза болғандардың аты-жөні жарияланды — 34 жастағы Орынбек Кенжебеков, 47 жастағы Ғалымжан Молдабеков. Олжас Нұрілдаев одан бір жас кіші, Константин Рожков 33-те екен. Ал Қайрат Ақшолақов пен Бақытбек Жұмадуллаев 50-ге келген азаматтар. Арасындағы ең жасы 27-дегі Ардақ Жакубаев.
Марқұмдарды жерлеу рәсімін толық «Қазақмыс» компаниясы көтереді. Олардың отбасыларына кеншілердің 10 жылдық орташа жалақысы төленеді. Балалары кәмелетке толғанша мемлекеттен жардемақы алады. Ал үкіметтік комиссия апаттың себебін анықтап, тергеп-тексеру жұмыстарын ыждағаттау керек.
«Қазіргі басты мәселе — сапалы тексеріс жүргізіп, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық қажетті іс- шараys жүргізу. Ол түрлі сараптамалар мен тергеу органдарының жұмысы. Өндірістік қауіпсіздік саласы тарапынан да тыңғылықты іс-әрекеттер күтеміз», - дейді ҚР Премьер- министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Компания басшылығы аталған шахтада газ жарылу қаупі төмен екенін айтады. Десе де жер қатпарлары арасында жиналған газ атаулы жерасты суына аралысып, бір жерге жиналауы кезедеседі екен. Олардың пайымдауынша, жарылған метан газы болуы әбден мүмкін.
«Суға араласқан метан газы су жиналатын жерге түсуі мүмкін. Ал шахтада жылы температура болған соң, сумен келген газ ауаға тарауы мүмкін. Қазылған жерде төрт айдан бері жұмыс жүрмей бос тұрған. Ол кеңістікке сырттан ауа кірмей газ жиналуы мүмкін. Ал жинала берсе қысымнан жарылу метан газына тән құбылыс. Бірақ бұл нақты байлам емес, біздің болжамымыз», - дейді кazakhmys holding ЖШС директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Андрей Гайдин.
Аталаған апаттың нақты қай уақытта болғаны жөнінде компания да, төтеншеліктерде ашып айтпаған. Өйткені апат туралы ақпарат «Қазақмыс» сайтында кеше күндізгі сағат 16: 50 де жарияланды. Ал Төтенше жағдай министрлігі бұл жайлы хабарламаны кеш қарайғанда таратты. Алғашқы ақпаратта жер астында қалған жеті кеншімен байланыс үзілгені айтылған. Олар жұмыс істеген аймақ кіреберістен бір жарым шақырым қашықтықта болған. Апат орнына келген құтқарушылар түні бойы жұмыс істеп алты адамды тапты. Таңға тарта жетінші кеншінің денесі шығарылыпты. Марқұмдардың бірі — Қарағанды облысы, екеуі — Түркістан облысы, төртеуі Ұлытау облысының тұрғындары екен.