Алматы облысының бұрынғы әкімі өмірден озды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2025
- 150

Алматы облысының бұрынғы әкімі Аңсар Мұсаханов өмірден озды. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Facebook-парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қоғам және мемлекет қайраткер, ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін", -деп жазыды Жанболат Жөргенбаев.
Алматы облысының әкімдігі Ансар Мұсахановтың 19 ақпанда қайтыс болғанын хабарлады.
Ансар Мұсаханов 1966 жылы 31 шілдеде Алматы облысының Айдарлы ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ауыл шаруашылығы саласында бастаған. Әр жылдары Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.