Мәдениет
«Тәбетім ашылып жүр»: үшінші сәбиіне жүкті Ерке Есмахан салмақ қосып алғанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2025
- 935

Өнер иесі босанғаннан кейін сахнаға оралатынын айтты
Үшінші сәбиін дүниеге әкелуді жоспарлап жүрген әнші Ерке Есмахан жүктілігінің қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, алты келі артық салмақ қосқан.
“Тәбетім ашылып жүр. 6 келі қостым. Үйде отырып, боянатын заттарымды жинап жатырмын. Қос-қостан ала беріппін. Елде сатылмайтын опа-далаптарды Париж бен Италиядан алып келдім. Жап-жаңа ашылмаған күйде тұрғандары бар. Босанып алғаннан кейін қайтадан сахнаға шығамын. Оған дейін ашылмай тұрады. Болашақта қызым менің боянатын заттарымды менсінбейтін шығар”, – деп жазды әнші.