«Ұшақта бомба бар екенін айтқан»: FlyArystan рейсінде шу шығарған ер адам үш жылға сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2025
- 80

Астана Өскемен бағытында ұшқан ұшақта ішімдікке сылқия тойып алған ер адам жол серікті ұрып, кейін араша түспек болған жолаушыға да қысым көрсеткен. Одан қалса, “ұшақта бомба бар” деп қозғалысқа кедергі жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Flyarystan рейсінде бұл оқиға 13 қаңтарда болған. 153 адам ұшақтың салонынан эвакуацияланды. Бұл көлік полициясы мен авиакомпанияға қосымша шығындар әкелген.
Ер адам осы әрекеті үшін сотталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
“Сот оған жеңілдететін жағдай ретінде кәмелетке толмаған баласы бар екенін және өкінетінін ескерді. Алайда, орташа ауырлықтағы мас күйі ауырлататын фактор. Ер адам терроризм актісі және әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.