Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ешкімге айта алмаған»: Алматыда оқушыны ағасы үш жылдай зорлап келген

«Ешкімге айта алмаған»: Алматыда оқушыны ағасы үш жылдай зорлап келген
Сурет: ura.news
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда ағасы немере інісін зорлады деп айыпталды. Бұл туралы құқық қорғаушы Айман Омарова желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Зорланған баланың апайының арызы бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс тіркемеген.

«Баланың айтуынша, әкесі қайтыс болғаннан кейін оның туған ағасы, оларды өз қолына алған. Әйел жалғыз үш баланы екі әпкесі мен оны баға алмайтынын айтқан. Бала 11 жаста болғанда ағасының ұлы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастапты. Бұл шамамен үш жылдай болған. Бала бұл жағдай жайында ешкімге айта алмаған. Бірақ мұндай қорлыққа шыдай алмаған ол әпкесіне қашып кеткен. Сөйтіп бар жағдайды айтып берген», - дейді Айман Омарова.

Мұны естігеннен кейін әпкесі полиция бөлімшесіне барып, арыз жазған. Бірақ оларды қабылдамаған.

«Арыз қабылданғанымен, тергеу заң бұзушылықтармен жүргізілген. Кәмелетке толмаған жәбірленушіден психолог пен адвокаттың қатысуынсыз жауап алынған. Одан қалса, тергеуші бала бәрін ойдан шығарды деп қысым көрсете бастаған. Сондай-ақ ағасының туыстары полицияға келіп, балаға психологиялық қысым көрсеткен», - дейді ол.

Оқиғаға қатысты полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді.

«Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Алматы облысының тұрғыны Жетісу ауданы әкімшілігіне інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты арызданған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияға жасөспірімнің туысы жеткізілді. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Құқықтық баға беріледі. Сонымен бірге, сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар