Басты жаңалықтар
78 640 теңге: Атырауда қызды күштеп ұрлап кетпекші болған жішітке айыппұл салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 ақпан, 2025
- 960
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ
Атырауда қызды күштеп үрлап кетпекші болған жігітке айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға 18 ақпанда болған. Әлеуметтік желіде Атырау тұрғынының қызды күштеп көлікке отырғызған сәті түсірілген видео тарап кеткен болатын.
Соттың мәліметінше, алғашында қыз көлікке өз еркімен мінген. Бірақ біраз уақыттан соң екеуінің арасында жанжал туындап, қыз көліктен түсіп кеткен. Күдікті Е есімді жігіт ашуланып, бойжеткенді күшпен көлікке отырғызған.
22 жастағы жәбірленуші К өз баяндамасында азаматтың әрекеттеріне ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін атап өтті.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты күдікті Е-ні кінәлі деп тапты. Енді ол 78 640 теңге айыппұл төлеуі керек.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Келесі мақала
Ұлытаудағы қайғылы оқиға: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




