
Полиция бопсалаушыны қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр.
Әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деген бопсалау мен қорқытуды қолдана отырып, ол кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.
Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.