Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда қазан айының соңғы күндері жылы болғанымен, кейбір өңірде қар жауады

Қазақстанда қазан айының соңғы күндері жылы болғанымен, кейбір өңірде қар жауады
Сурет: pexels
Қазан айының соңғы күндері 29-31 қазан аралығында еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстіктің таулы аймақтарында қар жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің батысында ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Соның арқасында күн ашық әрі құрғақ болады.

Ал солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттар өтіп, жауын-шашын түседі. Негізінен қар жауады.

Түнде елдің басым бөлігінде ауа температурасы нөлден төмендейді.

Күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы 0…+5 градустан +5…+10 градусқа дейін болады. Ал батыс пен оңтүстікте күн +17…+22 градусқа дейін жылынады.

Айтса кетсек, бұған дейін синоптиктер қарашада Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болатынын хабарлаған. Шымкентте айдың алғашқы күндері күндіз ауа температурасы +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар