Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

Павлодарда жоғалып кеткен 52 жастағы ер адам өлі күйінде табылды
Сурет: Павлодар облысының полиция департаменті
Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда екі күн бұрын жоғалып кеткен 52 жастағы кәсіпкердің денесі табылды. Бұл туралы еріктілер мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Нұрмағамбетов Аслан Хамидұлы 1972 жылы туған. Ол 21 Ақпанда ақ түсті Toyota Camry 50 көлігімен белгісіз бағытқа аттанған. Үстіне қара көк күрте, қара джинсы, сұр қалпақ киген. 

Павлодар облысының полиция департаменті ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. 

«Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйітін тапты. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар