Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Басқа әншінің қатысы бар»: Бейбіт Қорған «некесіз баласына» қатысты шындықты айтты

«Басқа әншінің қатысы бар»: Бейбіт Қорған «некесіз баласына» қатысты шындықты айтты
Сурет: видеодан скриншот
Егер ол бала менің балам болса, халықтың алдына шығып, мойындап, менің балам екенін айтар едім

Белгілі әнші Бейбіт Қорған некесіз баласына қатысты сұраққа жауап берді. Ол өзінің ешқандай қатысы жоқтығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында сөз етті. Ол көпшілікті кез келген қауесетке сене бермеуге шақырды.

«Оқиғаны біліп алмай көпіріп сөйлей беретіндерге таңғаламын. Бұл оқиғадан соң қызым мен ұлымның мектебінде саусағын шошайтып, соққы көрсеткендер болды. Қазір халыққа айтарым, әр нәрсеге сене бермеңіздер. Қасымда жүрген бауырларымның өзі «Бейбіт, шынымен сен осындайсың ба?» деп көңілі қалғандар болды. Ал мен ДНҚ сынамасын тапсырдым, нәтижесін көрдім, түбінде оған мен емес, басқа әншінің қатысы бар болып шықты», - дейді әнші.

Бейбіт Қорған бала өзінікі болғанда көмегін аямайтынын жеткізді.

«Егер ол бала менің балам болса, халықтың алдына шығып, мойындап, менің балам екенін айтар едім. Көмектесер едім», - дейді өнер иесі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар