Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұмыту мүмкін емес»: Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Дулат Исабековке қатысты жазба арнады

«Ұмыту мүмкін емес»: Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Дулат Исабековке қатысты жазба арнады
Сурет: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Қазақ еліне, әдебиет әлеміне, марқұмның отбасына, өзі тәрбиелеген шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын

Актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова марқұм Дулат Исабековті есіне алып, жазба арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол студент кезінде марқұм жазушының өздеріне айтқан сөзін есінде сақтап қалғанын айтты.

“Ұлылық – қарапайымдылықта. Бірақ, “Қарапайымдылықтың барлығы ұлылық емес!” деген тәмсілді 17 жасымда, репетициялық сахнада тұрып, осы ұлы адамнан естіген едім. Дулат аға менің ұстазым Байтен Омаровпен жақын дос болды. Исабековтың шығармалары сахналанатын кезде, репетицияға өзі арнайы келіп қатысатын. “Кішкентай рөл жоқ, кішкентай актер ғана болады” деп, барлығымызды мұқият тыңдайтын”, – деп жазды актриса.

Айтуынша, студент кезінде Дулат Исабековтің туған жеріне барып, спектакль қойған екен.

“Ол кезде студентпін. Бір күні жазушының туған жері Арыс қаласына барып, спектакль қоятын болдық. Облыс, ауыл-аймақтың әкімдерінен бастап, үлкен-кішінің барлығы жазушының қолын алып, қабағын бағып, айтқанын екі етпей зыр жүгіріп жүрді. Исабековтың үйінде дастарқан жайылып, ас беріліп жатты. Келген сыйлы қонақтар кірсін деп, біз студенттер шетте тұрдық. Сонда аға былай деді: “Мына жиналған жұрт сендердің, яғни, актерлердің өнерін тамашалауға келді. Сендерден сыйлы ешкім жоқ. Төр – сендердікі. Кіріңдер ішке!” деп бізге құрметтің көкесін көрсетті. Ол күндерден қалған Дулат ағамның әр сөзін, кеңесін ұмытпаймын, ұмыту мүмкін емес. Бұл ұлт деңгейіндегі руханиятымыз үшін ауыр қаза. Қазақ еліне, әдебиет әлеміне, марқұмның отбасына, өзі тәрбиелеген шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын.
Бақұл болыңыз, қарапайым ұлы адам. Фото 2005 жылы түсірілген”, – деді киножұлдыз. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар