Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мүшеқап үрлеуге мәжбүрлеген»: Семейде бір топ оқушы өздерінен кіші баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

«Мүшеқап үрлеуге мәжбүрлеген»: Семейде бір топ оқушы өздерінен кіші баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)
Сурет: Shutterstock
Төбелеске қатысушылардың барлығы тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді

Семейде бір топ оқушы өздерінен жасы кіші балаға мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлеген. Бұл труалы видео әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, ол жерде №9 мектептің алты және жетінші сынып оқушылары мен №15 мектептің төртінші сынып оқушысы болған. Олардың арасында жанжал туындаған.

Қазіргі кезде оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Абай облыстық Полиция департаменті ресми пікір берді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылардың барлығы тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Жасөспірімдер полиция бөлімінде есепке алынады. Олардың мінез-құлқын облыстық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы қарайтын болады. Балаларын тәрбиелеуде өз міндетін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналар қатаң жауапқа тартылады.

Оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою үшін оқу орнының әкімшілігіне ұсыныс жасалады. Тергеу барысы Абай аудандық полиция басқармасы басшылығының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар