Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қол-аяғын қысып, 2-3 минуттай қинайды екен»: Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өз ағасы үш жыл бойы зорлап келген

«Қол-аяғын қысып, 2-3 минуттай қинайды екен»: Алматыда 14 жастағы жасөспірімді өз ағасы үш жыл бойы зорлап келген
Сурет: bryansktoday.ru
Балалардың азғындыққа барған ағасы қыздың сіңлісіне де тиіскен

39 жастағы еркек 14 жастағы жеткіншекті үш жыл бойы зорлап келді деп айыпталды. Ер адамның балаға зәбір көрсеткенін туыстары да білген. Алайда шулатпау үшін “тіс жарма” деп баланың өзін қорқытқан. Полиция да “дәлелдерің жоқ” деп жәбірленушінің сөзіне құлақ аспай, арызын қабылдамаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Күдікті үйдегілер шырт ұйқыда жатқанда баланың бөлмесіне кіріп, білгенін істеген. Баланы біреуге айтсаң әпкеңмен бірге көміп тастаймын” деп қорқытқан. Бірде үйден қашып, енді бірде досының үйін паналап жүрген жеткіншек 19 ақпан күні болған жағдайды әпкесіне айтып беруге бел буған. 

“Күдікті – 34 жастағы әкеміздің туған ағасының баласы. Екі жыл бойы зорлап келген. Маған түсіндіргені бойынша, үш күн қатарынан тиіскен. Екі жыл бойы 7-8 рет зорлады. Қол-аяғын қысып, 2-3 минуттай қинайды екен”, – дейді баланың әпкесі.

Ол інісінің бойындағы өзгерістерді бұрын неге байқамағанмын деп өкініп, болған жағдайға өзін кінәлап отыр. Балалардың азғындыққа барған ағасы қыздың сіңлісіне де тиіскен. Бірақ ол интернатқа кетіп, құтылған.

Белгілі болғандай, 2020 жылдан бері әкесі қайтыс болған соң үш ағайынды әкесінің ағасының тәрбиесінде. Олармен бірге әйелінен ажырасып кеткен баласы да бірге тұрған. Үйдегілер ер адамның жасөспірімге зәбір көрсетіп жатқанын көріп қалған. Алайда лар балаларды қорғаудың орнына, өз баласына жақтасқан. 

Болған жағдай туралы балалар полицияға да шағым түсірген. Алайда ондағылар “дәлелдерің жоқ” деп балаларға қысым көрсетіп, істі тіркемеген.

“Сот сараптамасын көпке созбай бірден жасап, тағайындау керек. Өйткені мұнда дәлелдер болуы мүмкін және ол дәлелдерді тығып қоюы да ғажап емес. Соның бәрін жасамаған, немқұрайлы қараған”, – дейді заңгер Айман Омарова.

Істі үш бірдей адвокат қолға алған соң іс тіркелді. Қазір күдікті қамауда. 

“9 ақпанда Алматы облысының тұрғыны Жетісу ауданы әкімшілігіне інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне қатысты арызданды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ іске қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар