Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мейрамбек Бесбаев алғашқы махаббатымен кездесті (ВИДЕО)

Мейрамбек Бесбаев алғашқы махаббатымен кездесті (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөздерден
Әнші сыныбындағы жақсы оқитын қыздарды жақсы көргенін айтты

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев мектепте бірге оқыған алғашқы махаббатымен кездесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әншінің алғашқы махаббаты туралы «Хабар» агенттігінің «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтылды.

«Ол кезде кім жақсы оқиды, соған ғашық едік қой. Бізде екі-үш қыз жақсы оқыды, солардың бәрін жақсы көретінмін. Алтынай жақсы оқыды. Айгүл Шакирова қатты оқыды», - дейді Мейрамбек Бесбаев.

Бағдарлама жүргізушісі студияға әншінің алғашқы махаббаты болған Айгүл Шакированы шақырады. Осы кезде өз көзіне сенбеген Мейрамбек Беспаев «алғашқы махаббатын» құшақтап алған.

«Біз бала болдық. Жақсы дос болдық. Мейрамбектің үйінде дискотека жасайтынбыз. Жиі-жиі бас қосатынбыз. Мейрамбекке сол кездің өзінде қыздардан түрлі-түрлі хаттар келетін», - деді Айгүл Шакирова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар