"Ойындарға уақыт бөлуге болмайды": Мұсылмандар Діни басқармасы ораза кезінде тыйым салынған дүниелерді айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:27
- 133

Мұсылмандар Діни басқармасы ораза кезінде не істемеу керегін жеткізді. Айтуынша, ойындар харам, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Діни қызметкерлер өкілдерінің айтуынша, қасиетті Рамазан айында ойындар мен басқа да құмар ойындарға уақыт бөлуге болмайды.
“Қасиетті рамазан айынде тек су мен астан ғана емес, барлық жаман әдеттерден арылу керек. 30 күн бойы өзіңді тәрбиелеуің керек”, – деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, бұған дейін Бас мүфти ауызашарды «ифтар» деп емес, қазақша атауға шақырған еді. Оның айтуынша, жамағат діни терминдерді бұрмаламай, қазақша айтуы керек.
Рамазан айы биыл 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады. Ал Ораза айт 30 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні.