Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу аяқталды
Шерзат Болат Инстаграм парақшасынан
Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200 куәгерден жауап алынған. Қылмысқа қатысты 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар