«Басында және аяқтарында гематомалар анықталды»: Семейде таяқ жеген оқушының жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 ақпан, 2025
- 557

Дәрігерлер әлімжеттікке тап болған оқушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында.
Бастауыш сынып оқушысын ұрып-соғу оқиғасы 24 ақпанда болған. Екі күннен кейін Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли осы мәселе бойынша жиналыс өткізді. №9 мектептің басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқаны анықталды. Ал төменгі сынып оқушысын ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберіледі.
Абай облысының полиция департаменті оқушыны соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.