Қоғам
8 наурызға қарсы көпбалалы аналарға қанша теңге көлемінде сыйлық берілетіні айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2025
- 1.3k

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға беріледі
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға сыйлық беріледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мереке қарсаңында 36 мыңға жуық анаға 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.
«Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде беріледі», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, осыған дейін Шымкентте 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге бір реттік әлеуметтік төлем берілетінін жазған едік.