«Барлық жағынан ыңғайлы адамды таптым»: Динара Сәтжан жеке өмірі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 ақпан, 2025
- 2.9k

Тележүргізуші Динара Сәтжанның жеке өміріне қатысты берген сұхбаты желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тележүргізуішінің айтуынша, әр адам бақытты болуға лайықты.
«Мен өз өмірімді өзім үшін сүремін. Иә, менің балаларым бар және оларға бар қамқорлығымды көрсетіп, жағдайларын жасаймын. Бірақ өзіме де мүмкіндік бергім келеді. Әр адам бақытты болуы үшін, махаббатқа бөленуі үшін жаралған. Менің ойымдағы картинкада ақыл тоқтатқан жасымда сүйген азаматымның қолынан ұстап, теңіздің жағасында жүргенім бар. Одан кейін үйімізге барып оған тамақ істеп беремін, аспаздық блог жүргізуді елестетемін», — деді ол.
Динара Сәтжан той жасауға ниетті емес екенін, ең бастысы сүйген адамымыен бірге болуды армандайтынын айтты.
«Той болмайды. Мен де 18 жасымда ақ көйлек киюді армандағанмын. Сол арманым толық орындалды. Керемет көйлек те, той да болды. Қазір оның барлығы маңызды емес екенін түсіндім. Сенің таңертең өзіңді қалай сезінуің маңызды. Менің қалауым — сүйген адамыммен бірге ұйықтап, бірге ояну. Онымен шай үстінде әңгіме айтып, энергия алмасқанға не жетсін. Өйткені тұрмыстағы қыздардың көбі бақытты емес», — дейді тележүргізуші.
Ол өзін қолдайтын, ешқандай жоспарына тосқауыл болмайтынды адамды тапқанын жасырмады.
«Мен өз көзқарасымдағы мінсіз еркекті кездестірдім. Оның ерекшелігі — мықтылығында. Ол менен не істеу керек деп сұрамайды. Ал маған артық сұрақ ұнамайды. Өзі шешім қабылдап әрекетін жасай берді. Мен маған барлық жағынан ыңғайлы адамды таптым. Мені сыйлайтын, маған бөгет болмайтын, әрқашан қолдау көрсететін адамым бар. Ол шығармашылықтан алыс. Шоу-бизнестегі барлығымен мен тек доспын. Динара Сәтжан сүйікті адамын тапты», — деп түйіндеді Динара.