Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Судың да сұрауы бар": Қазақстанда «декретке миллионмен» шыққан 113 ана сотталуы мүмкін

"Судың да сұрауы бар": Қазақстанда «декретке миллионмен» шыққан 113 ана сотталуы мүмкін
belta.by
Қазақстанда декреттік төлемді заңсыз жолмен алған 113 әйел сотталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпов оларға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал келтірілген шығын көлемі – 158 млн теңге.

Министрдің сөзінше, босануға және бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыға шектеу қойылмаған. Сондықтан кей азаматтар жоғары төлем алу үшін заңсыз әрекеттерге барған.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап 1,5 мың адам өздерінің табысын жасанды түрде көбейткенін мойындады. Осылайша, әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорындағы 3,4 млрд теңге актив сақталды, - деп атап өтті Жақыпова.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар