Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚҚС көлемін 16 пайыз етуге ұсыныс жасалды

ҚҚС көлемін 16 пайыз етуге ұсыныс жасалды
Сурет: depositphotos.com
Мәжілісмен Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, әзірге ең төменгі шекті бұдан артық түсіруге жол беруге болмайды

Қосымша құн салығының көлемін 16 пайыз қылу ұсынылды. Ал фармацевтика, медициналық қызметтер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосымша құн салығы мөлшерлемесі 10 пайыз деңгейінде белгіленeуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі салық кодексіндегі өзгерістерді бүге-шігесіне дейін талқылаған жиында Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Ал ведомство тарапынан ауыл шаруашылығындағы кәсіп иелері мен бұқаралық ақпарат құралдары қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін деген ұсыныс айтылып қалды. Жауапты сала мамандары реформа жасардың алдында біраз өңірге барып, кәсіпкерлер мен жеке шаруашылық басшыларымен кездескенін айтты.

 Ал депутаттар қосымша құн салығының шегін 40 млн теңге ету туралы ұсыныс енгізбек. Мәжілісмен Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, әзірге ең төменгі шекті бұдан артық түсіруге жол беруге болмайды. Өндірісті дамытпай шикізатқа тәуелді ел бола отыра, бизнеске мұндай салық салып, иек арту көлеңкелі бизнесті қайта өршітпесе, кемітпейтіні хақ.

«Салық колексі бірінші кезекті шағын және орта бизнесті дамыту керек. Біздегі үлесі қандай оның? 30 пайызға жете ме, жетпей ме? 25 пайыз. Сіздер шағын және орта бизнестің көлемін ішкі жалпы өнімде жеткізіңдер, алпыс пайызға, жетпіс пайызға», - дейді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар