Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында көпбалалы аналар 8 наурыз мерекесіне орай төлем талап етті

Атырау облысында көпбалалы аналар 8 наурыз мерекесіне орай төлем талап етті
Сурет: ortcom.kz
Облыс әкімдігі 8 наурызға дейін төлем жоспарланбағанын, егер өзгерістер болса, арнайы хабарланатынын айтты

Атырау облысында әйелдер 8 наурызға дейін ақшасын беруді талап етіп, билікке жүгінді. Олардың ойынша, еліміздегі ең бай саналатын өңірде әлеуметтік мәселелерге және әйелдерге қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлу керек екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Аналарға көмек қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сандуғаш Күкенова Қазақстанның көптеген өңірлерінде Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі материалдық көмек көрсетіліп жатқанын, бірақ Атырау облысында билік әйелдерді назардан тыс қалдырғанын айтады.

«Атырау – еліміздің ең бай аймақтарының бірі, бірақ жергілікті әйелдерге аз да болса қолдау көрсетілмейді. Билік өзінің әлеуметтік саясатын қайта қарап, әйелдердің әл-ауқатына көбірек көңіл бөлуі керек деп есептейміз», - деді Күкенова.

Сондай-ақ ол көптеген әйелдердің әсіресе бағаның өсуі мен инфляция жағдайында қаржылық қиындықтарға тап болғанын баса айтты. Олардың қатарында жеті баланың анасы Гүлфара Қазиева да бар. Оның табысының негізгі бөлігі несиесін өтеуге кетеді.

«Мен отбасымды асырауға тырысамын, бірақ кірісім түгелдей дерлік несиені жабуға кетеді. Бәрін үнемдеуіміз керек. Өңірімізде 8 наурызға дейін төлем жасалса, көптеген әйелдерге, әсіресе аналарға жақсы көмек болар еді», – дейді Гүлфара Қазиева. 

Сегіз бала тәрбиелеп отырған Махамбет ауданындағы Әйгерім Меңдіғалиеваның да жағдайы қиын.

«Мерекелік төлемдер әсіресе көп балалы аналар, аз қамтылған әйелдер мен зейнеткерлер үшін үлкен қолдау болар еді», - деп есептейді ол.

Облыс әкімдігі 8 наурызға дейін төлем жоспарланбағанын, егер өзгерістер болса, арнайы хабарланатынын айтты.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар