Қоғам
"Әкем ұрып, терезеден лақтырып жіберді": Шымкентте 4 жасар бала әкесінің қылмысын ашты
- автор kyn.kz
- 2 наурыз, 2025
- 846

7 баланың анасы ауладан өлі күйі табылды.
Балалар жантүршігерлік қылмыстың куәсі болған. 4 жастағы ұл баланың айтуынша, әкелері анасын аяусыз ұрып, артынша терезеден лақтырып жіберген.
Қаза тапқан әйелдің денесін көптеген гематома, тіліну, қан ұюлар, сондай-ақ мұрны мен маңдайының күрделі жарақаттары анықталды. Қайғылы оқиға 5 ақпанда болғанымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысы әлі күнге дайын емес, - деп жазды Otyrar.kz.
Кәмелетке толмаған балалар уақытша мемлекеттік мекемеге орналастырылды. Отбасында 22, 20, 15, 13, 11, 4 және 2 жастағы жеті бала бар. Алдағы уақытта олардың әрі қарай қайда тұратынын сот анықтайды.
Әкелері қолға түсті. Балалар оның отбасында тұрақты түрде аналарына күш көрсеткенін растап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2025