Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

15 жастағы әке баласын өлтірмек болды

15 жастағы әке баласын өлтірмек болды
Сурет: guru.wildberries.ru
Баланың жылаған дауысын естіген тұрғындар оны құтқарып қалған

Мәскеу облысының Орехово-Зуево қаласында 15 жастағы жасөспірім өз туған баласын өлтірмек болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN/KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы мәлімдеді.

26 ақпанда 15 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызбен бірге жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Баланың жылаған дауысын естіген тұрғындар оны құтқарып қалған.

Ұсталған жасөспірімнің баланың әкесі екені анықталды. Ол РФ Қылмыстық-процестік кодексінің 91-бабынасәйкес қамауға алынды. Ал сәбидің анасы профилактикалық бақылауға алынған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар