Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Балта және арматурамен ұрған»: ер адам әйелін екі баласының көзінше аяусыз ұрған

«Балта және арматурамен ұрған»: ер адам әйелін екі баласының көзінше аяусыз ұрған
Сурет: wcons.net
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы ауыр

Әзербайжанның Гянджа қаласында күйеуі әйелін аяусыз соққыға жыққан. Оны балта мен арматурамен ұрған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Bakupost.az сайтына сілтеме жасап.

Эльхан Вакифұлы Абдиев (Elxan Vaqif oğlu Abdiyev) түнгі сағат 12-ден таңғы 5-ке дейін 1991 жылы туған әйелі Хумай Герайқызы Абдиеваны (Humay Gəray qızı Abdiyeva) азаптаған.

Ер адам әйелін 12 және 7 жастағы Нилай есімді балаларының көзінше балта және арматурамен ұрған. Оның басы мен денесінің түрлі жерлеріне ауыр жарақаттар салған. Оны жуынатын бөлмеге шашынан сүйреп, бірнеше рет қабырғаға соққан. Әйелі мен балаларын өлтіретінін айтып қорқытқан.

Анықталғандай, Эльхан Абдиев қылмыс жасамас бұрын әріптесіне қоңырау шалып, ертең жұмысқа бармайтынын айтқан. Бұл оның қылмысты алдын ала жоспарлағанын көрсетеді.

Жәбірленуші өзі медбике болып жұмыс істейтін Гянджа халықаралық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.

Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар