Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Алтын сақина”: Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға сыйлық берді (ВИДЕО)

“Алтын сақина”: Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға сыйлық берді (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Халық әртісі Димаштың әжесіне жанды дауыста ән салып, алғысын білдірді

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова Мақпал Жүнісоваға сыйлық берді. Бұл туралы өнер иесі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мақпал Жүнісова жыл сайын ұйымдастырылатын "Жан анам" концертінде ән салған. Сол концертте Димаш Құдайбергеннің әжесі оған жүзік сыйлаған. 

“Димашжанның әжесінен алтын сақина тағып барамын. Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын! Түн тыныштығын берсін!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Халық әртісі Димаштың әжесіне жанды дауыста ән салып, алғысын білдірді. Желі қолданушылары да өз кезегінде әншіге құттықтау айтып, тілек жазды. 

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар