Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Декретке миллионмен" шуы: Дәулет Мұқаев заңды бұзғандар туралы айтты

"Декретке миллионмен" шуы: Дәулет Мұқаев заңды бұзғандар туралы айтты
Мәжілістің баспасөз қызметі /Дәулет Мұқаев.
"Декретке миллионмен" шыққан 113 ана қылмыстық жауапқа тартылады дегеннен кейін кей азаматтар сол әдісті үйреткен Дәулет Мұқаевты жауапқа тартуды ұсынған еді. Ал Депутат болса ол әрекеттерінің барлығы заң аясында жүрді дегенді түсіндіруге тырысты.

Бұл жөнінде KYN.KZ  тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2023 жылға дейін "Декретке миллионмен" сабағымда бар нәрсені түсіндіргеніме кейбір адамнан ғайбат естіп жатырмын. Олар сабағыма 100% қатыспағандар, - деді депутат.

Ол өзін кінәлағандарға босқа қараламауға шақырды.

Мен egov.kz сайтындағы мәліметті қарапайым тілде түсіндірдім, - деп ресми мәліметтің сілтемесін қосты.

Депутат egov.kz сайтында аталған мәселеге қатысты қандай формула көрсетілгенін атап өтті.

Тіпті бұл сайтта 1 млн теңге емес, заңды табысқа сай 2,5 млн теңге босанғанға дейінгі төлем алатын формуланы көрсеткен. Ал мен сабақтарымда осыны қарапайым тілмен түсіндіргенмен. 2 сағаттық видео сабағымда бір емес, 7 рет "өтірік ИП" ашпаңыздар деп ескерткенмін. Сабағыма қатысқандар не айтқанымның бәрін түсініп отыр. Заңды жұмыс істейсіз бе, заңды табысыңыз бар ма – декретке миллионмен шыға бересіз. Оған ешкім тосқауыл қойып жатқан жоқ, - деді Мұқаев.

Оның айтуынша, заңсыз әрекет еткендер арасында бір емес, 20-30 "ИП-да" жұмыс істейтінін көрсеткендер де бар көрінеді. Депутат олардың ойлары 30-40 млн теңге алу болғанын айтады."Декретке м

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар