Қоғам
Жүкті әйел абайсызда дәретханада босанып қойды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 наурыз, 2025
- 1.3k

Жауапты органдар оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ
Өзбекстанда жүкті әйел дәретханада босанып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі NOVA24.uz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Самарқанд облысының Нұрабад ауданында болған. Жедел медициналық жәрдем қызметінің дәретханасында жүкті әйел абайсызда босанып қойған. Сол уақытта толғағы қысқан ол есінен танып қалған. Ал шақалақ кәріз шұңқырына құлап, сол жерде кептеліп қалған. Тәртіп сақшылары сәбиді дәретхананың канализациясынан құтқарып қалды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бір сағаттан кейін баланы дәрігерлерге дереу тапсырған. Куәгерлердің айтуынша, сәби аман-есен.
Жауапты органдар оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Атырауда бассейндердің бірінде бірнеше адам хлордан уланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025
Қоғам
+ 41 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025