Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ресейлік компания өтемақы төледі

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ресейлік компания өтемақы төледі
Сурет: euronews.com/
Ұшақ апатынан көз жұмған және аман қалған жолаушыларға төлем төленеді

2024 жылдың желтоқсан айында Ақтау маңында құлаған ұшаққа қатысты ресейлік сақтандыру компаниясы Azal әуекомпаниясына өтемақы толығымен төледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Компания бас директорының авиациялық және ғарыштық сақтандыру жөніндегі орынбасары Илья Кабачник ұшақ апатынан көз жұмған және аман қалған жолаушыларға төлем төленетінін мәлімдеді.

Бірақ өтемақының мөлшері айтылмады. Бірақ сарапшылардың бағалауы бойынша шамамен 25-30 миллион доллар (14 993 400 000 теңге) болады.

Кабачник жолаушыларға сақтандыру төлемдері қаңтар айында басталғанын айтты.

Айта кетсек, 2024 жылғы 25 желтоқсанда, AZAL әуе компаниясының ұшағы Бакуден Грозныйға рейс жасаған кезде апатқа ұшырады. Ресейдің әуе қорғаныс жүйелері ұшаққа соққы жасап, зақымдалғаны белгілі болды. Бірақ Мәскеу апатқа өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар