Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ақылы жолдарды кімдер тегін пайдалана алатыны айтылды

Қазақстанда ақылы жолдарды кімдер тегін пайдалана алатыны айтылды
ekaraganda.kz
Арнайы жеңілдігі бар азаматтар мен ұйымдардың тізімі нақтыланды.

Қазақстанда ақылы жолдармен кімдер тегін жүре алады ? Жыл сайын Қазақстанда ақылы жолдардың саны артып келеді, бірақ  оны тегін пайдалана алатындар да бар. Олар кімдер екенін төмендегі тізімнен біліңіз.

Арнайы қызметтер
Біріншіден, мемлекеттік және әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын арнайы автокөліктер төлемнен босатылған. Олар:

- Жедел медициналық көмек;
- Апаттық-құтқару қызметтері (төтенше жағдай орнына бірінші болып жететіндер);
- Құқық қорғау органдары – полиция және басқа құрылымдар;
- Қарулы күштер мен әскери бөлімшелер;
- Көлік бақылау қызметтері (жолдардағы қауіпсіздікті бақылаушылар);
- Ұлттық оператор және концессионерлер – төлемді жолдардың күтімі мен қызмет көрсетуіне жауап беретін ұйымдар.

Қоғамдық көліктер және ауыл шаруашылығы техникаларына
ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат етіледі:

- Жолаушыларды қала маңында және елді мекендер, аудан және облыс орталықтары арасында тұрақты тасымалдайтын автобустарға;


- Жүк автокөліктері мен ауыл шаруашылығы техникаларына, егер олар бір аудан ішінде су кедергілерін немесе темір жолдарды кесіп өтетін болса.

Жергілікті тұрғындар

Ақылы жолдарға жақын орналасқан аудандардың  кей тұрғындары да  тегін пайдалана алады. Льгота келесі жағдайларға қолданылады:

 Егер олар тіркелген жеңіл автокөліктері бір әкімшілік-аумақтық бірлік ішінде қозғалған жағдайда;


 Егер олар жақын аудандарда тіркелген автобустар болса, бір аудан ішінде жұмыс істеген жағдайда.

 Ұлы Отан соғысының ардагерлері
Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше жеңілдік бар. Олардың жеңіл автокөліктері ақылы жолдармен тегін жүреді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар