Әйелін 10 жылдан аса ұрып келген: қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш 7 жылға сотталмақ
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 наурыз, 2025
- 595

Әйелі Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап.
Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуынша, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрген екі баланың анасының ісі сотқа жіберілді.
“Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат Қылмыстық кодекстің 100-бабы (Азаптау) бабы бойынша сот алдында жауап береді”, – дейді адвокат.
Бұл бап бойынша күдікті енді 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетсек, осыған дейін Карина Мамаш 5 мамырда күйеуі Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан болатын. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды.
Ұқсас жаңалықтар
«Сыныптас қыз үшін»: Қарағандыда 9 және 10 сынып оқушылары төбелесті
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 наурыз, 2025