Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Рамазан айында әр мұсылман оқитын дұғалар

Рамазан айында әр мұсылман оқитын дұғалар
Сурет: depositphotos.com
Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме, мені тура жолыңа сал және тура жолыңды маған жеңіл қылғайсың

Рамазан дұғалар қабыл болатын ай. Бұл күндері әр мұсылман дұға жасауы тиіс. Рамазан айындағы ең қажет болатын дұғаларды ұсынамыз, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кешірім сұрау дұғасы

Иә, Алла! Сен – менің Раббымсың, Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. Сен мені жараттың, мен – Сенің құлыңмын. Мен күш-құдіретім жеткенше саған деген уәдемде әрі сертімде тұрамын және жасаған істерімнің жамандығынан өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Маған берген нығметтеріңді әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шын мәнінде күнәларды кешіретін сенен өзге ешкім жоқ. 

Перзент сұрайтын 5 дұға

  1. «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» ("Фұрқан" сүресі, 74-аят)
  2. «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сахтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).
  3. «Раббым, маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, сен тілекті Естушісің!» («Əли Имран» сүресі, 38-аят)
  4. «Раббым! Маған ізгілерден тарту ет!» («Саффат» сүресі, 100-аят).
  5. «Раббымыз! Бізге құлшылықтарымызды (амал, тəртіптерін) көрсетіп, күнəмізге шынайы өкініп, өзіңе бойсынуға қайтуымызды (тəубемізді) қабыл ет! Күмəнсіз, сен – Тəубені қабыл ет, ерекше Мейірімдісің» («Бақара» сүресі, 128-аят)

Жәрдем сұрау дұғасы

Уа Алла, менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Қатігездіктен, қорлықтан, кедейліктен өзіңе сыйынып пана сұраймын. Уа Алла қатыгездіктен, мақтаншақтықтан, пасықтықтан, сұмғадан және риядан өзіңе сыйынып пана сұраймын.

Уа Алла, менің естуімді, көруімді, мінезімді және сырт келбетімді, отбасымды, өмірімді және амалымды берекелі қылғайсың. Менің ізгі амалдарымды қабыл еткейсің. Сенен жәннәттағы биік дәрежені сұраймын.

Уа Алла, істерімнің қорғаушысы болған дінімді, өмір сүретін дүниемді, қайтып оралатын ақыретімді түзегейсің.

Уа Алла, маған көмектесе гөр. Мені жеңіске жеткіз және біреуге жығып берме, мені тура жолыңа сал және тура жолыңды маған жеңіл қылғайсың.  

Тұрмысқа шығу үшін оқылатын 2 дұға

  1. Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр! («Фұрқан» сүресі, 74-аят)
  2. Мағынасы: Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын. («Қасас» сүресі, 24-аят) Құлының тілегіне жауап қатушы (Әл-Мужииб) Алла Тағала еліміздегі әр бозбала мен бойжеткенге өз жұбын адаспай табуды, салиқалы ұрпақ сүйіп, өсіп-өнуді нәсіп етсин!  
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар