Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмайтыны рас па?»: ҚМБД өкілдері түсіндірді

«Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмайтыны рас па?»: ҚМБД өкілдері түсіндірді
Сурет: islamskazajednica.ba
Ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді

Әдетте рамазан айына 40 күн қалған кезде ораза ұстауға ниет еткендер арақ-шараптан тыйыла бастайды. ҚМДБ өкілдері мұның қаншалық дұрыс не бұрыс екенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады. Ол жайында Алла құранда: 

«Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында, арақ, құмар ойындары, пұттар және (бал ашуға тігілетін) жебелер – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім, мұратқа жетерсіңдер!», – дейді.

Тағы бір хадисте: «Кім арақ ішсе, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді. Одан кейін тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күн намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді. Бұдан кейін тағы арақ ішсе, Алла оның тағы да қырық күндік намазын қабылдамайды. Бұл ісіне тәубе етсе, тәубесі қабыл етіледі. Ал төртінші рет тағы да арақ ішсе, Алла оның қырық күндік намазын қабыл етпейді. Егер тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етпейді де оны «хабәл» (тозақтықтардың іріңінен жиналған) өзенінен сусындандырады” делінген.

Имам Науауи хадистегі «намазы қабыл болмайды» деген сөзді парызы мойнынан түседі, бірақ сауабы жоғалады деп түсіндірген.

Демек намаз сауабының жоғалуы тәубе етпей, арақ ішуді доғармауына байланысты. Егер шынайы тәубе етсе, бұл жаза (намаздың сауабы жоғалуы) да оның мойнынан түсіріледі. Өйткені шынайы тәубе алдыңғы істеген күнә істі жояды. 

Осыған орай ораза ұстаушы Рамазан айынан екі күн бұрын арақ ішіп, соңынан шынайы тәубе етсе, Алла оның тәубесін қабыл етеді.

Оның оразасы арақ ішпей ораза тұтқан адамның оразасындай болады. Ал ораза ұстап арақ ішуін доғармаса, оразасы дұрыс болады, бірақ сауабы болмайды. Арақ ішкені үшін күнә арқалайды.  

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар