Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халықтың несие қарызы жалақысы мен ай сайынғы кірісінен асып түскен – Ұлттық банк төрағасы

Халықтың несие қарызы жалақысы мен ай сайынғы кірісінен асып түскен – Ұлттық банк төрағасы
Сурет: kmf.kz
Тепе-теңдіктің болмауы таза инфляциялық фактор шеңберінен шығып, қаржылық тұрақтылық проблемасына айналады

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сулейменов Қазақстандағы тұтынушылық несие өте жылдам өсіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк басшысы халық көп алатын несиенің өсуін Қазақстандағы басты проблема және қаржылық тұрақтылыққа қатысты маңызды қауіп деп атады. 2024 жылы тұтынушылық несиелер 33,5%-ға өскен, бұл шамамен 13,8 трлн теңге. 

«Тепе-теңдіктің болмауы таза инфляциялық фактор шеңберінен шығып, қаржылық тұрақтылық проблемасына айналады. Біз тұтынушылық несиелендірудің өте жылдам қарқынмен өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Халықтың несие қарызы жалақысы мен ай сайынғы кірісінен асып түскен. Мұндай жағдайда тек ақша-несие саясатының құралдарын қолдану жеткіліксіз», - деді Сүлейменов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар