Қоғам
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның кім екені белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 наурыз, 2025
- 1.1k
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адамның кім екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Полиция тергеу барысында ер адамның Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны екені белгілі болғанын мәлімдейді.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласында әуежай қызметкерін пышақ ұстаған ер адамның кепілге алғаны туралы хабарладық. Желіге тараған видеодан оның қыздың шашынан ұстап, пышақпен қорқытқанын байқауға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жаңбыр, найзағай және +32 градус: 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
- авторkyn.kz
- 19 қыркүйек, 2026
Қоғам
Атырау облысының 7 000-нан астам тұрғыны Дүниежүзілік тазалық күніне қатысты
- авторkyn.kz
- 19 қыркүйек, 2026




