«Бәрін жарып жіберемін»: Алматы әуежайында болған оқиғаның тағы бір видеосы тарады (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 наурыз, 2025
- 569
Алматыда әуежайында бүгін орын алған оқиғаға қатысты тағы да видеолар пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам бәрін жарып жіберетінін айтып қорқытқан.
Айта кетсек, бүгін 7 наурызда Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам қызметкер қызды кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Қазір ол қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте туған әкесі 15 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келген
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025
Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек
- авторТомирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025




