Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан бойынша су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Қазақстан бойынша су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды
видеодан скрин ТЖМ
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды атады.

Министр наурыз-сәуір айларында күн райы жылы болатынын атап өтті. Сонымен бірге еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түсетінін айтады.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облыстары бар. Қауіптілігі орташа өңірлер: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Биыл Қазгидромет алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің және ағысының күтілетін ең жоғары мәндері, ағын көлемі және сондай-ақ қауіп аймағында орналасқан елді мекендерді көрсете отырып, болжамды басталу күндері көрсетіледі. Сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды шығара бастады. Гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгеретін болса "Қазгидромет" ескертулерді 2-3 тәулік бұрын хабарлайды, - дейді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар