«Жаңа өмірдің бастауы»: Шерзат Полаттың әпкесі баспаналы болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 наурыз, 2025
- 841

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Перизат Нұрымова көмек қолын созған қазақстандықтарға алғыс білдірді. Бұл туралы белсенді Дінмұхамед Қаматай желідегі парақшасында бөлісті.
"Шерзаттың бауыры Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық.
Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдауы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді.
Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз!", - деді Дінмұхамед Қаматай.