«Сезімін білдіріп жүрген азаматтар бар»: Сиви Махмуди тұрмысқа шығуға ұлдарының қарсы екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 наурыз, 2025
- 1.1k

Белгілі әнші Сиви Махмуди тұрмысқа шығуына балалары қарсы екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол “Менің өмірім” бағдарламасында әңгімеледі. Ол бұрынғы күйеуімен араласпайтынын айтып, тіпті балаларының тегін ауыстырғалы жатқанын жеткізді. Айта кетсек, оған халықаралық іздеу жаряланған еді.
“Балаларымның әкесімен араласпаймыз. Ешқашан хат-хабар алып, жағдай сұрасқан емес. Бұрынғы ата-енем де немерелерін іздеп келген емес. Қазір балаларым әкелерінің тегін алғысы келмейді. Тіпті, болашақта зияны тие ме деп те ойлаймын. Сондықтан үш баламды да Махмуди деп жаздырамын. Әкесінің аты жазылатын жер бос тұрады. Менің де жеке құжатымда әкем аты жазылмаған. Балалардың өтінішімен құжат алмастыру процесін бастап кеттік”, – деді Сиви Махмуди.
Әнші болашақта екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін айтты. Алайда ұлдары қарсы екен.
“Сезімін білдіріп жүрген ер-азаматтар бар. Бірақ мынау балаларыма әке болады деп айта алмаймын. Әр адамның кемшін тұсы болады ғой. Олардың да ұнамсыз қасиеттерін байқап жүрмін. Қызым тұрмысқа шығуыма қарсы емес. “Сізге жақсы күйеу болса, бізді қыдыртса жақсы емес пе?” дейді. Ұлдарым бірден қарсы болды”, – деді әнші.