Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті

Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті
Сурет: ашық дереккөздерден
Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады

Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің әйелі Дариға Тілендиева көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

“Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады”, – деп жазды оркестр ұжымы. 

Айта кетсек, Нұрғиса Тілендиев пен Дариға 1967 жылы Алматыдағы киностудияда танысқан екен. 42 жастағы музыкант 19 жастағы өрімдей қызға ғашық болып қалған. “Куә бол” әні жарына арналған алғашқы туындысы екен.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар