“7 миллион теңге”: блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне гауһартасы бар жүзік сыйлады
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 наурыз, 2025
- 283

Белгілі блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүкееваға ерекше, әрі қымбат сыйлық берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әйеліне үйленуге ұсыныс жасағанда арзан жүзік сыйлаған. Ал енді осы жолы гауһартасы бар сақина сыйламақ.
“Дариды қымбат тосынсый күтіп тұр. Үйленуге ұсыныс жасағанда ақшам болмады. Қазіргі тағып жүрген жүзігін 100 мың теңгеге сатып алған едік. Ол кезде шынымен де ақшам аз болды. Осы күнге дейін алдап келдім. Дари сақинаның бағасын 800 мың теңге деп ойлап жүр. Сақинаның бетіндегі гауһартас емес. Осы жолы құны 7 миллион теңге тұратын гауһартасты жүзікті сыйлаймын. Ең қымбат қонақ үйден нөмер алып, қуантамын”, – деді Дархан.
Айта кетсек, блогер құны 800 миллион тұратын зәулім үй сатып алып, рум-тур жасаған еді.