Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруі мүмкін

Қазақстанда ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруі мүмкін
Сурет: amurmedia.ru/
Ата-аналар баласының телефонды қалай пайдаланатынын бақылай алады

Ендігіде ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алуға міндеттеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Балалар SIM-картасын енгізу туралы бастама көтерілді - бұл балалар мен жасөспірімдер үшін әзірленген ұялы байланыстың арнайы тарифтік жоспары. Оның артықшылығы – ата-ана бақылауы: ата-аналар баласының телефонды қалай пайдаланатынын бақылай алады. Геолокация, қажетсіз контенттен қорғайтын сүзгілері бар. Қазіргі уақытта министрлік "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңға балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту бөлігінде түзетулер енгізу жұмысын бастады”, деді деді вице-министр Еділ Оспан.

Ол мұндай тәжірибе әлемде барын атап, балаларға арнайы SIM-карталар сатып алынатынын айтты.

"Біз халықаралық тәжірибені зерттедік - мұндай тәжірибе әлемде бар, онда балалар үшін арнайы SIM-карталар сатып алынады. Бұл арнайы тариф ретінде ойластырылады", - деді оқу-ағарту вице-министрі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар