Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жауын-шашын болады”: синоптиктер ауа райы қандай болатынын болжады

“Жауын-шашын болады”: синоптиктер ауа райы қандай болатынын болжады
Сурет: stihi.ru
Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 наурыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Болжамға сәйкес, Қазақстанның шығыс және орталық бөлігінде антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге батыс циклонының ықпалы тиіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.  

 

Оңтүстікте оңтүстік циклонның ықпалымен күн ашық және құрғақ болады, сондықтан бұл аймақтарда күн жылынады. Қазақстанның кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.  

 

“Солтүстік аймақтарда түнде температура 10-25 градус аяздан 0-15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0-10 градус аяздан 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін өзгереді. Шығыста түнде 15-27 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін, күндіз 2-13 градус аяздан 3 градус аяз – 8 градус жылыға дейін өзгереді. Батыс пен оңтүстікте түнгі температура 0-8 градустан 10-22 градус жылыға дейін жетеді"– делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар