Медресенің бас ұстазы балаға аяғын уқалатқан: Түркістан облысы білім басқармасы түсініктеме берді
Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды
Түркістан облысы білім басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Видеоға қатысты жағдайды анықтауға Түркістан облысы білім басқармасы бірден тиісті жұмыстар жүргізген.
«Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінде таң намазынан кейін студенттерге айтқан уағыз-насихат барысында медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғына жаттығу жасап отырған шәкірттері емес, өз немерелері мен жиені екені белгілі болды. Өз немерелері әрдайым атасына құрмет көрсетіп, ақ батасын алу үшін жаттығу жасап беріп, ілтипат білдіретіні белгілі болды», - дейді басқарма өкілдері Ұлысмедиаға берген жауабында.
Түркістан облысындағы Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың аяғын уқалатып отырған видеосы желіде тараған болатын. Бұл көпшіліктің ашуына тиді.