«Алты жыл екі ағасы зорлап келген»: Жамбыл облысында 13 жастағы қыз босанды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:52
- 108

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Динара Зәкиева сенаттағы жасөспірімдер арасында белең алған жүктілік мәселесіне арналған отырыста сексуалдық зорлық-зомбылықтың жыл сайын көбейіп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ол Жамбыл облысына барып келген. Сол жақта көп жылғы зорлықтан кейін 13 жастағы қыз жүкті болып, босанған.
«Мен жыныстық қатынасқа еркінен тыс мәжбүрлеген, зорлаған соң ана атанған қыздарды жиі кездестіремін. Жақында Жамбыл облысында болдым, көп жылғы зорлық-зомбылықтан кейін 13 жасында босанған қызды көрдім. Оны алты жыл бойы екі ағасы зорлап келген», – деді Зәкиева.
Түркістан облысының әлеуметтік қолдау орталығындағы 16 кәмелетке толмаған аналардың барлығының жақындарынан зорлық-зомбылық көрген белгілі болды.
«Олардың басым бөлігі өздеріне қатысты қылмыс жасалып жатқанын түсінбегенін мойындады. Олар, сөзбе-сөз келтірсем, «Барлық отбасының балалары осылай өмір сүреді», деп ойлаған. Бұл мәселенің ауқымын және оның алдын алу үшін тиімді шаралардың қажет екенін көрсетеді», – дейді балалар омбудсмені.
Динара Зәкиева әр ауданнан отбасын қолдау орталықтарын ашу қарастырылғанын айтады. Қазір аймақта сондай 13 орталық жұмыс істеп тұр, тағы төртеуі ашылуға дайын екенін атап өтті.